Хаттама №4

№14 орта мектеп                                                                                                                       19.05.2018ж

Күн тәртібінде:
1. 2017-2018 оқу жылының аяқталуы: соңғы қоңырау, кластан класқа көшу және мемлекеттік емтихандар
(Р.Р.Абитаева-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары)
2. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, 9,11 класс оқушыларыныі еңбекке араласуы
(М.З.Сатанова-қамқоршылық кеңесінің мүшесі)
3. Қамқорлық кеңесі жұмысының қорытындысы
(М.З.Сатанова-қамқоршылық кеңесінің мүшесі)

Қатысқандар:

  1. №14 орта мектеп директоры —  Б.С.Алиева;
  2. Қамқорлық кеңесінің төрайымы – Г.Б.Сатмагамбетова
  3. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Р.Р.Абитаева;
  4. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –Э.Б. Абдикалыкова;
  5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Г.А.Утенова;
  6. Ата-аналар комитетеінің төрайымы – Сатанова Мадина Саутбаевна;
  7. Қамқорлық кеңесінің мүшелері

Тыңдалды: Алғашқы сөз кезегі №14 орта мектеп директоры Б.С.Алиева алды. Ол өз сөзінде 2017-2018 оқу жылының аяқталуымен, келер оқу жылында да осындай жұмыстар жалғасын тапсын деп құттықтады.

Тыңдалды: Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Р.Абитаева сөз кезегін алды. 2017-2018 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері айқындалды: №14 орта мектебінде  оқу сабақтары — 2018 жылғы 25 мамыр күні аяқталатынын, сонымен қатар қорытынды аттестаттау, мемлекеттік емтихан, кластан класқа көшу емтихан күні мен ережелерін таныстырды: 2017-2018 оқу жылын ұйымдастырылған түрде аяқтау мақсатында оқу жылын аяқтаудың мынадай мерзімдері айқындалды: 2)  9 (10) сыныптардың қорытынды бітіру емтихандары — 2018 жылғы 28 мамырдан бастап 8 маусымды қоса алғанда, мемлекеттік бітіру емтихандары — 2018 жылғы 29 мамырдан бастап 30 маусымды қоса алғанда.

9 сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі:1) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстанның тарихы, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша ауызша емтихан — 2018 жылғы 28 мамыр; қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша ауызша емтихан — 2018 жылғы 31 мамыр; 3) (оқыту тілі бойынша) жазбаша емтихан (шығарма — гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп үйрететін мектептердің білім алушыларына арналған, диктант — қалғандары үшін) — 2018 жылғы 5 маусым; 4) математика бойынша жазбаша емтихан — 2018 жылғы 8 маусым.
11 сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай мерзімде өткізіледі: 1) ана тілі мен әдебиеті бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтихан — 2018 жылғы 29 мамыр; 2) таңдаған пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзілік тарих, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша тестілеу — 2018 жылғы 2 маусым; 3) қазақ тілінде білім беретін мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу — 2018 жылғы 2 маусым; 4) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан — 2018 жылғы 6 маусым; 5) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан — 2018 жылғы 9 маусым. Сонымен қатар, мектеп психологтары ата-аналарға балаларына психологиялық қолдау түрлерін айтып, ұсыныс беріп, таратпалар таратты. Жарыссөз барасында ДТІЖО Г.А.Утенова соңғы қоңырау туралы мәлімет берді. Ол өз сөзінде соңғы қоғырау 2018 жылдың 25 мамыр күні сағат 10,00 де мектеп алаңында өтеді. Мерекелік шараға мектеп бітіргендеріне 40 жыл толған 1978 жылғы түлектер келеді. Соңғы қоңыраудың өтілуі туралы қалалық білім бөліміне мәлімет берілді.

Тыңдалды: Екінші сұрақ бойынша Қамқорлық кеңесінің мүшесі М.З.Сатанова сөз алды. Ол өз сөзінде оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәлімет берді. 2017-2018 оқу жылында 16 жасқа толған оқушыларды «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша оқушылар қамтылып, тізім жасалып жатыр. Сонымен қатар 5-8 класс оқушылары да мектеп алаңындағы практикаға 28.05-31.08 аралығында қамтылып отыр.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі «Отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі» бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Утенова сөз алды. Ол өз сөзінде №14 орта мектебінде Қамқорлық кеңесі 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, жұмыс жасап келетіндігін айтып, әрі қарай жұмыс барысымен таныстыру мақсатында, сөз кезегін Қамқорлық кеңесінің мүшесі М.З.Сатанова жалғастырды.  Ол өз сөзін тақырып бойынша бейне ролик көрсетумен бастады. «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының жаңа редакциясымен таныстырды. ҚР БҒМ 2018 жылғы 8 ақпандағы № 43 бұйрығымен толықтырулар енгізілді. Осы бұйрықтың негізінде мектепішілік бұйрығы шықты. Отбасы мен мектептердің өзара іс-қимылын күшейту үшін Қамқоршылық кеңестер қажет, Қамқоршылық кеңес біздің мектебімізде құрылды.
Қамқоршылық кеңестің құрамы төмендегідей:


Аты-жөніҚызметіЖұмыс орны
1Гульнар Бисетовна Сатмагамбетовақамқоршылық кеңесінің төрағасыЗейнеткер,  педагогикалық еңбегінің ардагері, ҚР «Үздік мұғалімі» төс белгісінің иегері
2Талгат Амангельдиевич Хамитовқамқоршылық кеңесінің мүшесіқалалық маслихатының депутаты
3Аймырза Жаманкуловқамқоршылық кеңесінің мүшесі«Меценат» қайырымдылық қоры, қоғамдық бірлестік
4Лаура Телманқызы Палманқамқоршылық кеңесінің мүшесі«Қазақстан-Ақтөбе» телекомпаниясының редактор-журналисті
5Рамазан Кыстаубаевич Тойлыбаев қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анаЖеке кәсіпкер, Ярмарка
6Куаныш Килибаевич Утеновқамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анаАҚ «Ұлттық АқпараттықТехнологиялар» жетекші маман
7Айнагуль Нысанқызы Адильмахановақамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анажеке кәсіпкер «Кеңсе тауарлары»
8Гульжазира Данағалиқызы Кенжебаевақамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анаҚ. Жұбанов ат. Ақтөбе Өңірлік Университеті, аға оқытушы
9Ольга Николаевна  Штанько қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анажұмыссыз
10Ляйла Тургановна Сугурбаева қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анажеке азпазшы
11Марат Бауыржанович Жұмагазинқамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анаАқтөбе ГеоПроект, жүргізуші
12Мадина Заутбаевна Сатановақамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анажұмыссыз
13Жасулан Кыстаубаевич Тойлыбаевқамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана«Нұрғасыр мешіті» оператор
14Кулаш Әлиқызы Жаналинақамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-ана«Керуен Сити» еден жуушы
15Жаксыбай Кенесович Байманов қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ата-анажұмыссыз

№14 орта мектебінің Қамқоршылық кеңесі:
— білім беру мекемелерінің шоттарына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына, білім алушылар құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;
— білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды әзірлейді; Мысалы мектеп жарғысы, мектептің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасы қабылдау
— білім беру ұйымдарын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді және білім беру ұйымы басшысының есептерін тыңдайды;
— білім беру ұйымдарының қызмет мәселелері және т.б. бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады.
Сонымен қатар, мектебімізде бірнеше жұмыстар атқарылды. Атқарылған жұмыстардың бір бөлігіне тоқталып өтсем: «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы бойынша «Меценат» Жаманкулов Баймырза – 30000 тенге, №14 орта мектеп ұжымы 7 оқушыға, қалалық маслихат депутаты Т.А. Хамитов  – 40000 тг (10 портфель), «Қаз ком» банк – 6 оқушыға, АО «Сбербанк» — 4 портфель түрімен көмек көрсетті. 2. Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: «Тұрғын үй жинақ банкіндегі» есеп шоттарын толықтыру мақсатында  мектепте жәрмеңке ұйымдастырылды. Жиналған қаражат – 52 200 тг. 3.Жаңа жылдық сыйлықтар: Қалалық маслихат депутаты Т.А. Хамитов – 13 дана, ЖШС «Рокос» А.Ю. Ни – 25 дана, ДБ АО «Сбербанк» — 40 дана және Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры – 91 билет жасалды. 4.«Бақытты бала – мәңгілік ел кепілі» жобасы аясында 120 оқушыға мерекелік концерт пен мерекелік дастархан жайылды. Демеушілер ЖШС «Рокос» директоры А.Ю.Ни, қалалық маслихат депутаты Т.А. Хамитов, ЖК «Кенжина А.Б.», мектеп ұжымы ат салысты.

Осы айтылған мәселелер бойынша төмендегідей қаулы қабылданды:

  1. 2017-2018 оқу жылының аяқталуы: соңғы қоңырау, кластан класқа көшу және мемлекеттік емтихандар кестеге сәйкес жүргізілсін.
  2. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, 9,11 класс оқушыларыныі еңбекке араласуы басты назарда болып, қадағалансын
  3. Қамқорлық кеңесі жұмысы және  «Демеушілер және қайырымдылық туралы» жұмыс түрі  алдағы оқу жылында да жалғасын тапсын.

 
Қамқорлық кеңесінің төрайымы Г.Б.Сатмагамбетова
Хатшы А.Ж.Қожанова